15
май
2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Бүгін мектеп-гимназияда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалдарбекова Гүлстан «Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қазіргі жаһандану үрдісі белең алған кездегі отбасы құндылықтары туралы мәліметтер айтылып, қазақ халқының қыз бен ұл тәрбиесіне қатысты қағидалары жайлы әңгіме қозғалды. Қазақ отбасындағы ана мен әке рөлі жайлы тағлымы мол әңгіме айтылып, бақытты отбасында ғана бақытты бала тәрбиеленетіндігіне назар аударылды.
Оқушылар отбасы құндылықтары жайлары ойларымен бөлісіп, тәрбиелік мәні жоғары мазмұнды іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.




