Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

redvid.io philadelphia eagles coloring pages printable

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Последние новости

Барлық жаңалықтар
«Жас спортшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен балалар арасында қызықты эстафеталық жарыс өтті. Жарыс барысында балалар жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, командалық рухты сезінді.
10
июнь
2025
«Жас спортшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен балалар арасында қызықты
«Жас спортшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен балалар арасында қызықты эстафеталық жарыс өтті. Жарыс барысында балалар жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, командалық рухты сезінді. Спорттық шара балалардың белсенділігін арттырып, денсаулықты нығайтуға үлкен үлес қосты. Жеңімпаздар марапатталып, қуанышқа бөленді.
«Балдәурен» жазғы лагерінде «Жалын» тобының жетекшілері «Татулық – бақытты балалық шақтың кепілі» тақырыбында ерекше шығармашылық сағат ұйымдастырды.
10
июнь
2025
«Балдәурен» жазғы лагерінде «Жалын» тобының жетекшілері «Татулық –
«Балдәурен» жазғы лагерінде «Жалын» тобының жетекшілері «Татулық – бақытты балалық шақтың кепілі» тақырыбында ерекше шығармашылық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар өз алақандарын плакатқа бояу арқылы басып, бірлік пен достықтың символын бейнеледі. Жарқын түстерге боялған әр алақан шаттық пен қуанышқа толы көңіл күй сыйлап, лагерь ауасын жылы әсерге бөледі. Балалар өз еңбектерін мақтанышпен көрсетіп, татулықтың қадірін тағы бір сезінді.
«Smart English» үйірмесінің жетекшілері лагерь қатысушыларына арналған қызықты әрі ой сергітер «Hot potato» ойынын ұйымдастырды.
09
июнь
2025
«Smart English» үйірмесінің жетекшілері лагерь қатысушыларына
«Smart English» үйірмесінің жетекшілері лагерь қатысушыларына арналған қызықты әрі ой сергітер «Hot potato» ойынын ұйымдастырды. Бұл ойын балалардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын дамытуға, жылдам ойлап, тез жауап беруге машықтандыруға бағытталды. Балалар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйде қатысты.  
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Шабыт» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Тіл білгірі» сайысы жоғары деңгейде өтті. Балалар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлық танытты.
09
июнь
2025
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Шабыт» үйірмесінің
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде «Шабыт» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Тіл білгірі» сайысы жоғары деңгейде өтті. Балалар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлық танытты. Қазақ тіліне деген қызығушылық пен құрметті арттыруды мақсат еткен сайыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар дипломдармен марапатталды. Тәрбиелік мәні зор, танымдық шара балалардың көңілінен шықты.  
“Балдәурен” лагерінде “Лагерь ханзадасы мен ханшайымы” атты көңілді әрі әсерлі байқау өтті. Байқау барысында қатысушылар өзіндік таныстыруларын жасап, әсем би билеп, ән шырқады.
05
июнь
2025
“Балдәурен” лагерінде “Лагерь ханзадасы мен ханшайымы” атты көңілді
“Балдәурен” лагерінде “Лагерь ханзадасы мен ханшайымы” атты көңілді әрі әсерлі байқау өтті. Байқау барысында қатысушылар өзіндік таныстыруларын жасап, әсем би билеп, ән шырқады. Сондай-ақ сән көрсетілімі ұйымдастырылып, балалар өздерінің шығармашылығы мен талғамын көрсете білді. Шара балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырып, өнерге деген қызығушылығын оятты.
“Шығармашыл шеберхана” үйірмесінің ұйымдастыруымен патриоттық бағыттағы шығармашылық сағат өтті. Балалар Тудың бейнесін салып, өз туындылары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
04
июнь
2025
“Шығармашыл шеберхана” үйірмесінің ұйымдастыруымен патриоттық
“Шығармашыл шеберхана” үйірмесінің ұйымдастыруымен патриоттық бағыттағы шығармашылық сағат өтті. Балалар Тудың бейнесін салып, өз туындылары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Іс-шара барысында оқушылардың патриоттық сезімі оянып, рәміздерге құрмет артты.
“Шабыт” үйірмесінің ұйымдастыруымен “Рәміздерім – мәртебем” тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында балаларға мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы мағлұмат беріліп, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді.
04
июнь
2025
“Шабыт” үйірмесінің ұйымдастыруымен “Рәміздерім – мәртебем”
“Шабыт” үйірмесінің ұйымдастыруымен “Рәміздерім – мәртебем” тақырыбында танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында балаларға мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы мағлұмат беріліп, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді. Танымдық сағат оқушылардың патриоттық сезімін оятып, рәміздерге деген құрметін арттырды.
🔰English Start үйірмесінің ұйымдастыруымен қызықты әрі танымдық үйірме сағаты өтті. Балалар түрлі тапсырмалар орындап, жаңа сөздер үйреніп, өз ойларын ағылшын тілінде жеткізуге тырысты.
04
июнь
2025
🔰English Start үйірмесінің ұйымдастыруымен қызықты әрі танымдық
English Start үйірмесінің ұйымдастыруымен қызықты әрі танымдық үйірме сағаты өтті. Балалар түрлі тапсырмалар орындап, жаңа сөздер үйреніп, өз ойларын ағылшын тілінде жеткізуге тырысты. Шара оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырды.
«Балдәурен» жазғы лагерінде 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай “Жаса, Қазақстан!” тақырыбында әсем флешмоб ұйымдастырылды. Балалар көк туымызды желбіретіп, патриоттық әнмен би билеп, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
04
июнь
2025
«Балдәурен» жазғы лагерінде 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне
«Балдәурен» жазғы лагерінде 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай “Жаса, Қазақстан!” тақырыбында әсем флешмоб ұйымдастырылды. Балалар көк туымызды желбіретіп, патриоттық әнмен би билеп, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Шара көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
“Барыс” тобында отряд жетекшілері балалармен бірге “Кейіпкерлер әлеміне саяхат” тақырыбында қызықты танымдық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында кейіпкерлерді сазналап, шағын көріністер көрсетті.
03
июнь
2025
“Барыс” тобында отряд жетекшілері балалармен бірге “Кейіпкерлер
“Барыс” тобында отряд жетекшілері балалармен бірге “Кейіпкерлер әлеміне саяхат” тақырыбында қызықты танымдық сағат ұйымдастырды. Балалар сүйікті мультфильм, ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, олардың бойындағы жақсы қасиеттерді талдады. Іс-шара барысында кейіпкерлерді сахналап, шағын көріністер көрсетті. Бұл саяхат балалардың қиялын ұштап, сөйлеу, ойлау дағдыларын дамытуға үлкен септігін тигізді.

Жаңалықтар топтамасы - Лента новостей