13
февраль
2023
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ-КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ!
Мектеп-гимназияда мұғалімдердің күнделікті тәжірибесін зерттеу негізінде, кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары жоспарланып іске асып жатыр. Зерттеу жұмысы тәрбие бағыты бойынша 5-сыныптарда жүзеге асырылуда. Себебі, оқушылар өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі – бастауыш сыныптан негізгі мектепке өту кезеңі.
Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының мақсаты:
- 5-сынып оқушыларына орта буынға тез және жеңіл бейімделуін қалыптастыру;
- бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту;
- талапқа сай тәртіп ережесін игеру, бекіту;
- сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру.
Іс-әрекеттегі зерттеу келесі қадамдар бойынша жүргізілуде: проблеманы айқындау, деректер жинау, жинақталған мәліметтердің талдауы және интерпретациясы, деректер негізінде әрекет ету; нәтижелерді бағалау, болашақтағы әрекеттерді жоспарлау.
Күтілетін нәтиже
Ұйымшылдық,жақсы қарым-қатынас,сабаққа қызығушылығы жоғары,тұрақты мінез-құлық,тәртіп,жағымды психологиялық ахуал,сенімділік.
Зерттеу сұрақтары сыныптардағы ахуалға байланысты, оқушылардан, пән мұғалімдері мен ата-аналардан алынған сауалнама нәтижелері және т.б. дерек жинау құралдары арқылы анықталған.



