Балдәурен жазғы лагерінде балалар мен тәрбиешілердің белсенді қатысуымен “Көңілді старт” атты қызықты ойын өткізілді. Шарада командалық бірлік, жылдамдық пен ұйымшылдық сынға түсті. Балалар көтеріңкі көңіл күймен, достық пен ынтымақтастықты сезініп, тамаша уақыт өткізді.