
“Балдәурен” лагерінде “Лагерь ханзадасы мен ханшайымы” атты көңілді әрі әсерлі байқау өтті. Байқау барысында қатысушылар өзіндік таныстыруларын жасап, әсем би билеп, ән шырқады. Сондай-ақ сән көрсетілімі ұйымдастырылып, балалар өздерінің шығармашылығы мен талғамын көрсете білді. Шара балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырып, өнерге деген қызығушылығын оятты.