22
февраль
2023
ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ!
Бүгін мектеп-гимназияда құқықтық тәрбие беру айлығының барысында 7-8 сыныптардың арасында «Мен және менің виртуалды достарым» тақырыбында эссе байқауы өтті. Виртуалды достық - қарым-қатынастың бұл түрі екі немесе одан да көп адамның бір-бірімен веб арқылы, компьютермен немесе қашықтықтан өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін басқа құрылғылар арқылы дамитын байланысымен сипатталады. Оқушылар эссе байқауының барысында виртуалды достың артықшылықтары мен кемшіліктеріне, адам өміріндегі маңызына, әлеуметтік желілердің пайдасына тоқталды.
Жалпы іс-шараға 110 оқушы қатысты.




