08
февраль
2023
СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!
8 ақпан күні мектеп-гимназияда «Жас Star» өзін-өзі басқару, «Спорт және салауатты өмір» фракциясының ұйымдастыруымен 7-сынып жасұландықтарының арасында «Мен спортты сүйемін» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа белсенді қатысып, шапшаңдығымен, ептілігімен көзге түсе білген командалар дипломдармен марапатталды.
Эстафеталық жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа баулу.






