27
декабрь
2021
«Тәуелсіздік табыстары» атты волейбол ойынан аудандық турнир
Тәуелсіздігіміздің таңы атқан отыз жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында қыруар жұмыстар атқарылды. Ел Президенті спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызды басым бағыттар санатына қосып келеді. Жалпы дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отансүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Ауыл мектептеріндегі дене шынықтыру мұғалімдері дарынды оқушыларға қолдау көрсеткенде ғана спорттың қай түрінен болмасын жеңімпаздар шығатыны ақиқат.
29 – Желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп-гимназиямызда «Тәуелсіздік табыстары» атты волейбол ойынан аудандық турнир өтті. Турнирде Байзақ ауданының аймақтары бойынша үздік шыққан 8 команда бақ сынады. Мұғалімдер арасында ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәулетов Дәуір Рысбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Мамырбаев Нұрболат Серікұлы, Байзақ аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Байтақова Шолпан Қайратқызы және бір топ халық қалаулылары арнайы қонақ ретінде қатысты. Жарыс қортындысы бойынша «Ы.Алтынсарин» командасы І орын, «Киікбаев жастар» құрамасы ІІ орын, «Түймекент» және «Киікбаев ардагерлер» командалары ІІІ орындарды иеленді. Жеңімпаз командалар жарыстың арнайы кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.











