
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ!

Мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу жылын 98 түлек аяқтады. 97 түлек ҰБТ-да бақтарын сынап, оның 73 түлегі бес пән бойынша сынға түсті.

Оның ішінде 11 оқушымыз 100-ден жоғары балл жинады.

Мектеп- гимназиямыздың бітіруші түлегі, мектеп бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен, "Алтын белгі" иегері Хайитбоева Мира Бауыржанқызын Ұлттық бірыңғай тестілеуден 129 балл жинауымен құттықтаймыз.

Басқа да түлектеріміздің Ұлттық бірыңғай тестілеуден көрсеткен жоғары нәтижелері құтты болсын!

Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да мақсаттарына сенімді түрде жететін ұл-қыздарымызды қашан да мақтан тұтамыз!