24
май
2022
"МЫҢ БАЛА" ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
"МЫҢ БАЛА" ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
"Мың бала" ұлттық жобасы-еліміздегі ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларды қолдау мен дамытуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Жоба Елбасының "El Úmiti" бастамасы аясында жүзеге асырылады. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясынан аталған жобаның 1-кезеңіне 5 және 6-сыныптың 205 оқушы қатысып, оның 92-сі екінші кезеңге қатысуға жолдама алған еді. Ұлттық жобаның екі кезеңінің қорытындысы бойынша Байзақ ауданының 12 оқушысы,
оның ішінде мектебіміздің 8 оқушысы жеңімпаз атанып, республика бойынша үздік мың оқушының қатарынан табылды. Жеңімпаз оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!!!



