07
март
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 5-САБАҚТАРЫ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 6 наурыз күні «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы бойынша 10-11 – сынып оқушыларының ата-аналарымен «Әлеуметтік желілер және интернет кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында 5-сабақ өткізілді. Сабақты шығармашылық топтың мүшесі Оразалиева Гүлсезім жүргізді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналарды балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстың шарттарымен, әдістерімен таныстыру.
Міндеттері:
1.Ата-аналарды интернеттің негізгі қауіптерімен, жоғары сынып оқушыларындағы «Интернетке тәуелдіілік» түсінігімен таныстыру.
2.Ата-аналарға жоғары сынып оқушыларының интернетке тәуелділігінің алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар беру.
3.Ата-аналардың жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік желілердегі және интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын пысықтау.





