Мектепішілік «Ең үздік оқырман отбасы» байқауының ЕРЕЖЕСІ
Мектепішілік «Ең үздік оқырман отбасы» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
-оқушылардың, ата-аналардың кітап оқу мәдениеттіліктерін дамыту;
-отбасылық оқуды насихаттау.
3.Байқауға қатысушылар-3-4 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары.
4.Байқаудың өту тілі-қазақ тілі.
5. Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең- 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың қаңтар айы аралығында.
- екінші кезең- 2022 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында.
6. Байқаудың бірінші кезеңінде:
- 3-4 сыныптардан байқауға қатысатын отбасылар тізімі анықталады. Әр сыныптан 1 отбасы.
- Қатысушыларға қазан-желтоқсан айларында отбасымен бірге төмендегі әдебиеттер оқуға беріледі:
- 3- сыныптарға:1.Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»
2.Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
3.Қазақ ертегілері
- 4-сыныптарға: 1.Т.Жексенбай «Бала бүркіт»
2.Г.Хаггард «Сүлеймен патшаның кеніші»
3.Қазақ ертегілері
-2022 жылдың қаңтар айында берілген әдебиеттер желісі бойынша 3 турдан тұратын отбасылар арасында сайыс өтеді:
7..Байқаудың екінші кезеңінде қатысушы отбасыларға қазақ ақындарының бірнеше өлеңдері жаттауға беріледі:
- 3- сыныптарға:1.Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Ананың сүюі», «Өзен», «Әй, достарым»
- 4-сыныптарға: 1.М.Мақатаевтың «Үш бақытым», «Көктем де келер», «Барлығы да сендердікі», «Отан», «Қазақ жері»
8.Мамыр айының 1-аптасында берілген тапсырмалар бойынша 3 турдан тұратын отбасылар арасында финалдық сайыс өтеді:
- «Бірге оқимыз» әкесі, анасы, баласы бірігіп берілген өлеңдердің біреуін мәнерлеп оқиды;
- «Жалғастыр» бір отбасы өлеңнің бір шумағын бастайды, екінші отбасы ары қарай жалғастыруы керек;
- «Өлең желісі бойынша суретте» берілген өлеңдердің бірінің мазмұны бойынша сурет салып келу. Бұл тапсырманы үйден орындап келуге болады. Сурет АЗ форматында орындалуы керек.




