Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектеп кітапханасы қорына 700-дана көркем әдебиет берілді » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектеп кітапханасы қорына 700-дана көркем әдебиет берілді
31
август
2021

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектеп кітапханасы қорына 700-дана көркем әдебиет берілді

"Кітап оқу-бір басқа, таңдап-талғап оқу-бір басқа" деп  даналарымыз айтып кеткендей, Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқырмандарына өзіне жақын жанрдағы көркем шығармаларды оқуына қолжетімді болуы үшін және "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында мектеп кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру мақсатында Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектеп кітапханасы қорына  700-дана көркем әдебиет берілді. Оның ішінде балалардың жас ерекшелігіне қарай түрлі жанрдағы шығармалар қамтылған. Атап айтсақ, бастауыш сынып оқушыларына арналған "Қазақ ертегілері", "Көне Тараздың  қазынасы", "Андерсен" ертегілері және тағы басқа кітаптар болса, жоғарғы буын оқушыларына арналған қазақ жазушыларының жауһар шығармалары берілген. Жақсы кітапты талғап оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байып, есте сақтау қабілеті артады. Осындай қабілеттерін арттырамын деген жасөспірімдерге мемлекет тарапынан жағдай жасалуда. Жаңа оқу жылында мектеп оқырмандарын  сұранысқа ие болып жүрген көркем әдебиеттермен қамтамасыз етіп, қуантуға мектеп кітапханасының есігі әрдайым ашық.