16
сентябрь
2022
Ата-аналар жиналысы
Мектеп-гимназияда мектеп пен ата-ана байланыс ынтымақтастығын арттыру, педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаға білім беру мен тәрбиелеуде жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып, қиындықтарды бірлесе шешу мақсатында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басы отбасы туралы мағыналы бейнероликпен басталып, мектеп психологтарының әсерлі тренингімен жалғасты. Алдын ала тілек жазылған тәттілердің түстері арқылы үш топқа бөлінген ата-аналар отбасы бірлігі мен татулығын білдіретін және мектеп пен ата-анасының арасында байланыс болу керектігін айтып өз ойларын ортаға салды. Жиналыстың түрі сұхбат- пікірталас түрінде болғандықтан, алдымен тақырып ашуға байланысты ой қозғау мақсатында бағыт бағдар берілді. Мысалы: ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынасты, ата-ананың шыдамдылығы, бала тәрбиесін ерте жіберіп алмауын т.б. негізгі бөлімде әр түрлі жағдаяттармен топпен ой бөлісті.
І топқа: Ата-анамен бала қарым-қатынасы
ІІ топқа: Мұғаліммен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
ІІІ топқа: Ата-ананың құқықтары мен міндеттері.
Үш топта осы тақырыптар бойынша ойларын постерге түсіріп, топпен талқылап, ортаға қорғады.
Мысалы: үйде балаға сабақ оқуына көңіл бөлініп, жағдай жасау керек, үлгермейтін пәндерден көмек беріп немесе мұғаліммен байланыс жасап отыру керек т.б.
Мектеп пен ата-ана байланысы, және ынтымақтастығы басым болу керектігі туралы ой қозғалды.
Жиналыс соңында «Алты қалпақ» рефлексиясы жүзеге асты.





