02
февраль
2019
«Бала қауіпсіздігі-басты назарда болуы тиіс» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында әлеуметтік желілерде тарап жұртты дүрліктірген кәмелетке толмағандар арасындағы әлімжеттік оқиғаларын талқылап, аталған оқиғалардың қоғамға келтірер зияндығы мен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапсыздығы мен әлсіздігі, жөніндегі кезектен тыс «Бала қауіпсіздігі-басты назарда болуы тиіс» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директоры Г.С.Ермекова, мектеп инспекторы Атықай Айгерім Ерболатқызы, «Қамқоршылық кеңесі» мүшелері, «Шапағат» тәрбие орталығы мүшелері және 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері қатысты. Ата-аналарға мектеп психологтары тарапынан «Вертер синдромы» туралы бала бойындағы агрессия жайында психологиялық кеңестер берілді.