ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ? » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » » ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?
17
сентябрь
2020

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ БАЛАҒА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?

      Бүгін, Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Zoom платформасы және Whatsapp желісі арқылы "Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?" тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Қазіргі күрделі кезеңде еліміз қиындықты тиімді жолмен шешуге бет бұрды. Оның айғағы – білім беру саласына енгізілген елеулі өзгерістер.
Жалпы, қашықтан білім беруді ұтымды тұстары да бар екенін көріп келеміз. Ол үшін педагог онлайн форматта оқуды шебер ұйымдастыра білуі қажет. Осы арқылы оқушының өзіне пайдалы дүниені өзі үйренуді, кез келген сәтте тиісті шешім қабылдауды үйрете алады. Мәселен, олар ақпараттық-технологиялар жүйесі арқылы өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ "Еларна","Балапан" телеарналары"Bilimland","Kundelik kz"," Online-mektep" интернет-платформалары арқылы сабаққа қатысуда.Осының барлығы -оқушылардың болашағы үшін жасалған жұмыстар.Ал ұстаздарымыз оқушыларға білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда.Әрине, бұл ретте ата-ананың да көмегі ауадай қажет.Осы орайда заманауи құрылғылардың көмегімен кері байланыс та жүргізілуде.Бүгінде әр отбасының әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлініп, кедергілерден шығу жолдары қарастырылған.Осылайша,оқушылар білім берудің жаңа үрдісіне бейімделіп келеді.