14
январь
2022
"Төңкерілген оқыту" әдісін оқыту үдерісінде тиімді қолдану
«Төңкерілген оқыту» – барлық НЗМ мектептерінде қолданылып келе жатқан жаңа педагогикалық әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушыларды ынталандырып, көптеген жетістіктерге жеткізуге болады және оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай жасалады. "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталған тарих пәнінің мұғалімі Момынова Гүлжаухар Әділқызының 2022 жылдың 13 қаңтарында тарих, география, химия және биология пәндерінің мұғалімдерімен өткізген әдістемелік семинары да осы мәселеге арналды. ""Төңкерілген оқыту" әдісін оқыту үдерісінде тиімді қолдану" тақырыбында өткен әдістемелік семинарда аталған әдістің артықшылықтары мен мүмкіншіліктері жан-жақты қарастырылды.












