Біз туралы » Страница 5 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

АТА-АНАМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
07
февраль
2023
АТА-АНАМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сынып жетекшілердің тәжірибесін арттыру мақсатында  «Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі» тақырыбында 8 «А» сынып жетекшісі Иргебаева Г. ата-анамен тиімді жұмыс жүргізудің ерекшеліктері бойынша  өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ТУҒАНЫНА 355 ЖЫЛ!
23
январь
2023
ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ТУҒАНЫНА 355 ЖЫЛ!
Мектеп – гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай танымдық сағат өтті. «Қаз дауысты Қазыбек би – дипломат, бітімгер, ойшыл» тақырыбында баяндама жасалып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.  Іс – шараның мақсаты:  Оқушыларды қазақтың аса айбынды билерінің бірі Қазыбек бидің тарихтағы орнымен таныстыру, сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, халқының тарихын құрметтеуге баулу.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!
19
январь
2023
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!
2023 жылдың 13 қаңтарында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының "Сапа" әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында сабақты зерттеу бойынша құрылған топтардың атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.  Есеп беру барысында зерттеу топтарының жетекшілері зерттеу сұрағы, мақсаты, атқарылған жұмыстар, қолданылған әдіс-тәсілдер, зерттеу нәтижесінде қол жеткізген жетістіктері туралы баяндап, тәжірибелерімен бөлісті.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!
19
январь
2023
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!
Бүгін мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 10-сынып оқушыларының арасында «Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл» тақырыбында танымдық сағат өтті. Оқушылар ақынның өмір жолына байланысты деректі фильмді көріп, шығармашылығымен танысты. Шара барысында жазушының «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат қызық мол жылдар» романына шолу жасады. Іс-шара соңында «kahoot» платформасында танымдық ойын ұйымдастырылып, оқырмандар жазушының өмір жолына қатысты сұрақтарға жауап беріп, мәліметтерге
ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ҰЛЫ – ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ!
18
январь
2023
ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ҰЛЫ – ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ!
18 қаңтар күні мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6-сынып оқушыларының арасында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына орай танымдық сағат өтті. Артына мол мұра мен  өнегелі ғұмырын қалдырған мемлекет қайраткерінің өмірі мен қалтқысыз атқарған еңбек жолдары айтылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Қазақ тарихында бітім-болмысы дараланған ұлы тұлғаның есімі жылдар өткен сайын жаңғырып, ел жадында мәңгі сақталады.
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
10
январь
2023
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік шараларын әрдайым орындау - балаларға қалыптасқан жағдай болуы керек, ал ол үшін шұғыл жағдайдан аман шығудың тиімді жолдарын дер кезінде айту мен қауіптен сақтандыруымыз аса маңызды. Мақсаты: Оқушылардың қыс мезгіліндегі кезінде сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өмір қауіпіздігі туралы сауаттылығын арттыру, жауапты болуға мұқият және сақ жүруге тәрбиелеу. Осы мақсатта мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.