07
февраль
2023
АТА-АНАМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сынып жетекшілердің тәжірибесін арттыру мақсатында «Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі» тақырыбында 8 «А» сынып жетекшісі Иргебаева Г. ата-анамен тиімді жұмыс жүргізудің ерекшеліктері бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталып өтті.












