03
апрель
2024
"Мың бала" ұлттық олимпиадасы
«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ І КЕЗЕҢІ ӨТТІ
2024 жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша «Мың бала» ұлттық олимпиадасының І кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ауылдық жерлердегі талантты мектеп оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау. Ауылдың дарынды балаларына жүйелі орта қалыптастырып, ұзақ мерзімді қолдау арқылы әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу, ұсыну.
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясынан олимпиадада өз бақтарын сынап көру үшін 116 оқушы тіркелген. Логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтитын тапсырмалардан тұратын І кезеңнің нәтижесінде ең жоғарғы балл жинаған 5000 оқушы келесі кезеңге өтеді. Бүгінгі қатысқан оқушыларымызға сәттілік тілейміз!