«Мың бала» Ұлттық олимпиадасы » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

14
декабрь
2020

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасы

           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп 2020 жылы Елбасы «Ел үміті» бастамасының аясында ауыл мектебі оқушыларының  арасында  «Мың бала» Ұлттық олимпиадасын өткізді.
Олимпиада мақсаты - дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін ауылдық жерлерден ерекше қабілетті 1000 оқушыны іріктеу. Аталмыш білім додасының I іріктеу кезеңіне Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5-6 сынып оқушылары түгел қатысып, ІІ кезең-тестілеуден 6 сынып оқушылары Майлыбаева А, Кешубай С, Паратбекова Д, Рыскелді Д, Жолдыбай Е үздік нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан табылды. Бүгін аудан әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы жеңімпаздарды арнайы құттықтап, марапаттарын табыс етті.