03
май
2022
РОБОТОТЕХНИКА ҮЗДІКТЕРІ
РОБОТОТЕХНИКА ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ.
2022 жылдың 30 сәуірінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында "World Robot Olympiad-2022" Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті. Олимпиадаға Жамбыл облысының 100-ден астам талантты өрендерінен құралған 53 команда қатысты. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясынан олимпиадаға 8 оқушы қатысып, шығармашылық жобалар бағыты бойынша кіші топ ІІІ орынға ие болса, орта топ І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшілері- информатика пәнінің мұғалімдері Байғазиева Қ. және Алдасаев Н. Оқушыларымыздың республикалық кезеңде де жүлделі орынға ие болуына тілектеспіз.





