15
ноябрь
2021
«Жаман әдеттен сақтан жас дос» тақырыбында ақпарат сағаты
2021-2022 оқу жылының Нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алудың іс-шаралар жоспарына сәйкес 15 қараша - Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күніне орай «Жаман әдеттен сақтан жас дос» тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Ақпарат сағатына жастар денсаулық орталығының психологы Ержанова А.Н, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мейірбикесі Айтбаева А.Х, мектеп медбикесі Ахметова Б және ДҚТІЖО Кенжалиев Ш қатысты. Ақпарат сағатында тиісті мамандар темекінің зияны, зардабы туралы айтып түсіндірді.








