13
январь
2022
"Төңкерілген оқыту" әдісін оқыту үдерісінде тиімді қолдану"
2022 жылдың 13 қаңтарында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Құрманова Раушан Оразбекқызының ұйымдастыруымен "Төңкерілген оқыту" әдісін оқыту үдерісінде тиімді қолдану" тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Әдістемелік семинарға мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар барысында "Төңкерілген оқыту" әдісіне жан-жақты тоқталып, тәжірибеде қолдану жолдары қарастырылды.










