24
февраль
2021
"Оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы" тақырыбында қашықтан аудандық вебинар
2021 жылдың 24 ақпанында Байзақ аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы" тақырыбында қашықтан аудандық вебинар өтті. Вебинарға ауданымыздағы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Маутаева Қ. қатысты. Вебинар барысында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Қалдарбекова баяндама жасаса, Шынықова Р. мен Қасымова А. панорамалық сабақ көрсетті.








