14
февраль
2023
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!
14 ақпан күні мектеп-гимназияда «Психологиялық кеңес беру» айлығының ашылуы өтті. Бүгін оқушыларды әсем әнмен, керемет көңіл-күймен қарсы алдық. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен мұғалімдер мен оқушылар «Көңіл-күй калейдоскопы» әдісі арқылы бүгінгі көңіл-күйлерінің бейнесін салды. «Жас STAR» өзін-өзі басқару ұйымы жағымды ахуал құру мақсатында «Шаттық кубигі» ойынын ойнатты.














