07
ноябрь
2022
ЖАҢА ТОҚСАНДЫ КЕРЕМЕТ КӨҢІЛ-КҮЙМЕН БАСТАЙЫҚ!
Бүгін мектеп-гимназияда 15 минуттық үзілісте оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Бұл не?» ойыны ұйымдастырылды. Оқушылар қораптың ішіндегі заттардың біреуін алып, сипап-сезу арқылы атын атады. Жауабын дұрыс тапқан оқушылар сыйлықтарға ие болды.
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын, - деп тілек білдіріп, оқушыларымызды келесі сабаққа көтеріңкі көңіл-күймен шығарып салдық.



