12
февраль
2020
Өзін-өзі тану пәні апталығы
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Өзін-өзі тану пәні апталығы аясында мектебімізде "Өз болашағыңызды білгіңіз келеді ме?" атты акция болып өтті. Акция барысында мектеп оқушыларына мен ұстаздарына жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында себетке салынған тілектер жазылған парақшалар таратылды. Акцияға мектеп басшысынан бастап, оқушылар, ұстаздар және кіші қызметкерлер түгелдей белсене атсалысты. Нәтижесінде барлығы жақсы көңіл күйге бөленіп өз алғыстарын білдірді.






