05
декабрь
2022
НЕЙРОЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!
Нейрожаттығу - бұл арнайы жаттығулар арқылы мидың табиғи механизмін жандандыру. Бұл жаттығуларды күнделікті орындау арқылы:
-зейін тұрақтылығы мен есте сақтауды;
-сөйлеу тілін дамытуды;
-интеллектуалды және шығармашылық дамуды жетілдіру;
-эмоционалды көңіл-күйін орнықтыруда қолданылады.
Мектеп-гимназияда оқушылардың үзілістегі бос уақытын тиімді пайдалана отырып, сергіту мақсатында, сондай-ақ нейрожаттығу ретінде оқушыларға жағымды орта ұйымдастырылды. Аталған шараға мектеп-гимназия оқушылары белсене қатысып, жақсы көңіл-күйде болды.



