«ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» АТТЫ ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІЛІГІ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» АТТЫ ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІЛІГІ ӨТТІ!
14
декабрь
2022

«ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» АТТЫ ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІЛІГІ ӨТТІ!

Бүгін мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында даналық бейсенбілігі өтті.
Іс-шарамызға 10 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысты. Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік,ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытып,оларға А.Байтұрсынұлының құнды мұралары дәріптелді.
Ағартушының өмірбаяны мен қазақ әдебиетіне,тарихына қосқан ерен еңбектері сараланып,оқушыларға ақынның өмір жолынан слайдтар көрсетілді.Сонымен қатар,ақынның жинақтарындағы өлең жолдарын оқушыларға оқытып,мұғаліммен бірге талдау жасалынды. Іс-шара соңында А.Байтұрсынұлының өмір жолынан сұрақтар қойылып,викториналық сайыс өткізілді.