06
декабрь
2022
«ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ-МӘНШҮК» ДАНАЛЫҚ БЕЙСЕНБІЛІГІ!
Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай «Қазақ даласының қаһарман қызы-Мәншүк» атты рухани даналық бейсенбілігі өтті.
Іс-шарамызға 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынулары үшін Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың өмірбаянымен таныстыра отырып, бейнероликтер көрсетілді. Батыл қыздың жасаған ерліктері еске алынып, оқушылардың бойында патриоттық сезім ұялады. Әрқайсымыздың жадымызда өзінің өшпес ізін қалдырған қазақ қызының өзі өлседе, аты өлмейтінін оқушылар жадына сақтады. Сонымен қатар, кітапханамызда Мәншүк Мәметованың көрмесі ілініп, оқушыларымыз көзайым болды.\



