5 – 7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЛЕЗДЕМЕ ӨТТІ » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

» » 5 – 7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЛЕЗДЕМЕ ӨТТІ
11
ноябрь
2022

5 – 7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЛЕЗДЕМЕ ӨТТІ

 Мектеп-гимназияда 5 -7 сынып оқушылары арасында лездеме өтті. Лездемеде айтылған мәселелер Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігін еске алып, өскелең ұрпаққа дәріптеу, оқушыларды марапаттау, тәртіп және тәрбие мәселесі. Лездеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталып, Халық қаһарманы Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың ерлік жасаған күніне 11 жыл толуына орай баяндама оқылып, батырдың өмір жолы мен өшпес ерлігі туралы мәліметтер айтылды. Тарихта есімі жазулы тұрған, тыныштық үшін өз өмірін құрбан еткен жерлесіміздің есімі ұрпақ жүрегінде мәңгі қалары сөзсіз. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша оқушылар мынадай іс – шаралар бойынша марапатталды:
1) Күзгі демалыс кезінде «Табиғатты аялап, сақтайық!» тақырыбында ұйымдастырылған макулатура байқауы;
2) «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында ұйымдастырылған мектепішілік сурет байқауы;
3) «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» сайысы
    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша оқушыларға мектептің ішкі ережесін сақтау ережелері, мектеп формасы мен тазалықты сақтау ережелері туралы айтылды.