15
декабрь
2021
"Тәуелсіз елдің дарынды ұландары" атты салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында "Интеллект" дарындылық пен шығармашылықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Тәуелсіз елдің дарынды ұландары" атты салтанатты жиын өтті. Жиында 2021-2022 оқу жылының І жарты жылдығында аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейдегі түрлі байқауларда жеңімпаз атанып, мектеп-гимназияның атақ-абыройын асқақтатып жүрген оқушылар "Құрмет грамотасымен" және естелік сыйлықтармен марапатталды.




