04
ноябрь
2021
"Мектеп кітапханасында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіснамасын жетілдіру жолдары"
2021 жылдың 4-қарашасында Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында Байзақ аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Мектеп кітапханасында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіснамасын жетілдіру жолдары" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарда директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Кенжалиев, кітапханашылар Диханбаева Д. мен Майкенова Д. мектеп кітапханасы мен тәрбие орталығының бірлескен жұмыс жүйесі, мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясыда ұйымдастырылып жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ибрагимова Г. және аудан мектептерінің кітапханашылары қатысты.
















