
«Smart Bala» жобасы

2025 жылдың 11 ақпан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Smart Bala» жобасы аясында «Startup. Қоршаған ортаны қорғаудың креативті және экологиялық жолдары» конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты – мектеп, аудан, ауыл аумағын өзгерту бойынша жобаларды ұсыну арқылы қоршаған ортаны тиімді өзгертудің жобаларын ұсыну. Конкурс үш кезеңнен тұрды: 1-кезең – таныстыру, 2-кезең – викторина, 3-кезең – макет жасау, жобаларды қорғау. Конкурсқа «Жасыл клуб» ұйымы мүшелерінен құралған 9 топ қатысты. «Қар барысы» тобы І орын, «Фламинго» тобы ІІ, «Қарлығаш» тобы ІІІ орынды иеленді. Қатысушылардың барлығына алғыс жарияланды.