
«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» конкурсы

️2025 жылдың 12 ақпан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Smart Bala» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылыми-техникалық ойлау дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, оқушыларды жаңа идеялар ұсынуға, жаңалық ашуға, өз жобаларын дайындауға және оларды тәжірибеде іске асыруға ынталандыру. Оқушылар жасанды интеллектті пайдалана отырып, командалық инновациялық жұмыстарын ұсынды. Оқушылар «Макеттер», «Анимациялық фильм», «Программалау» номинациялары бойынша ұсынды. Әр номинация бойынша үздік жұмыстар анықталып, дипломмен марапатталды. Қатысушылардың барлығына алғыс жарияланды.