20
февраль
2025
⚜️“Шебер болар ма екенсің?” арулар байқауы
Мектеп-гимназияда 2025 жылдың 18 ақпан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дүйсенова Роза Камитбековнаның ұйымдастыруымен “Шебер болар ма екенсің?” тақырыбында арулар байқауы өтті. Байқауға 5 сыныптың қыздары қатысты. Сайыс төрт кезең бойынша өтті:
1.Таныстыру
2.Өнерлі өрге жүзер
3.Шебер болар ма екенсің?(Қолөнер бұйымдары)
4.Қыздарға әсемдік жарасады.(Сән үлгісі)
Әр кезең бойынша әділ-қазылар қыздардың өнерін бағалап, қорытындысы бойынша бас жүлде, 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапаттады.