Түлек-2024 » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

26
май
2024

Түлек-2024

Бүгін, 25 мамыр күні "Түлек-2024: "Мектебім, сағат мың алғыс!" тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға Байзақ ауданының әкімінің орынбасары - Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы, Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермеков Серік,  Байзақ аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақтияров Кеңесбай, ардагер ұстаз Бекбауов Асқар Смайылұлы, ата-аналар комитетінің төрайымы Сейдуалиева Ардақ Бектұрсынқызы қатысты. Байзақ ауданының әкімінің орынбасары Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы және мектеп-гимназия директоры Ермекова Гульбахрам Серікқызы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Жүректері лүпіл қаққан, өмір жолының жаңа қадамында тұрған жас түлектер сапалы білім мен саналы тәрбие берген аяулы ұстаздарына шәкірттік жүректен алғыстарын білдіре отырып, әсерлі ән, көңілді күй, ерекше билерімен шара көркін қыздырды.