«ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА-2024» ЖОБАСЫ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

15
март
2024

«ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА-2024» ЖОБАСЫ!

Мектеп-гимназияда 15 наурыз-Қайырымдылық күніне орай «Қазақстан халқына» Қорының сертификатын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Салтанатты іс-шараға Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің орынбасары Алпысбаев Еламан Ғалымұлы, Байзақ аудандық білім бөлімнің сектор меңгерушісі Абдурасулов Шары Нұрасылұлы, Байзақ аудандық білім бөлімінің әдіскері Сатылғанова Зауреш Бақтыбайқызы, мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызы қатысты.Іс-шара барысында оқушыларымыз әннен шашу шашып, мың бұралған биімен қонақтарды тәнті етті. Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің орынбасары Алпысбаев Еламан Ғалымұлы "Қайырымдылық" күніне орай балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында "QH Жаздық жолдама-2024" қайырымдылық жобасы бойынша берілген сертификатын Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназия директоры Ермекова Гүлбахрам Серікқызына табыс етті.