
АНА-БАРЛЫҚ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ!

Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” негізінде 12 мамыр-Аналар күні, 15 мамыр-Халықаралық отбсы күніне орай бастауыш сынып мұғалімдері Джуматаева Құралай мен Умирбаева Құндыздың ұйымдастыруымен «Аналар мектебінің» мүшелері мен қыздары арасында «Ана-барлық көркемдіктің үлгісі» тақырыбында сайыс өтті. Сайыс кезеңдері аналар мен қыздардың таныстыру кезеңінен, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты сұрақ-жауап бөлімінен, жатқа мақал-мәтелдер айтудан тұрды.
Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу