Мектеп-гимназияда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында 2”А” сыныбының жетекшісі Елеубаева Р. “Отбасы-бақыт бесігі” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.Ата-аналар “Отбасылық махаббат үйі” дидактикалық ойынын ойнап, “Аяқталмаған сөйлем” әдісі арқылы постер қорғады. “Жүрек жылуы” әдісі арқылы балаға тілек білдіріп, “Тілек ағашы” әдісі арқылы кері байланыс жасады.
Мақсаты:Ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.