ҒАЗИЗ БАЙТАСОВ-ЕЛ ЕСІНДЕ!

Мектеп-гимназияда педагог-ұйымдастырушы М.Жолдасовтың ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым» тақырыбында Ғазиз Байтасовты еске алу мақсатында ерлік сағаты өтті. Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов ағамыздың ерен ерлігі, жүріп өткен өмір жолы, жанұясы туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты Отанды, туған жерімізді қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Ғ.Байтасовтың өмірбаянымен, өшпес ерлігімен таныса отырып, оқушы жүрегіне патриоттық сезімді ұялату. Ғазиз Байтасов – Отанға аянбай қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның халықты құтқару жолындағы ерлігі еліміздің тарихына мәңгілік жазылып, ұрпақтан-ұрпаққа мол мұра ретінде жалғасады. Біздің қасиетті борышымыз – бейбіт заманда қылмыспен ымырасыз күресте жанын қиған батырларымызды еске алу.