14
ноябрь
2023
ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 14 қараша күні өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Дауылпаз ақын-ел мақтанышы» тақырыбында 9-сыныптардың арасында әдеби кеш өтті. Кеш барысында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан деректер келтіріліп, Махамбет пен Жәңгір ханның байланысы туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар тақырып төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар М.Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай», «Исатай деген ағам бар», «Асқар, асқар, асқар тау» өлеңдерін мәнерлеп оқылып, топтық тапсырмалар орындалды.
Мақсаты: ақын поэзиясының мазмұны мен мәнін ұғындыру, ондағы азаматтық, отаншылдық рухын сезіндіру. Тілдік, көркемдік ерекшелігіне талдау жасата отырып, оқушыларға ақынның өз бейнесі мен Исатай тұлғасын таныту. Оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеу, дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға үйрету, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Ұйымдастырған:Амалбекова М, өзін-өзі басқару ұйымы








