29
январь
2024
«ДосболLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ!
Мектеп-гимназияда «ДосболLike: достық қолын ұсын» акциясы барысында 5-сынып оқушылары арасында «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» тақырыбында әдеби кеш өтті. Әдеби кеш барысында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, достың бойындағы жақсы қасиеттерге талдау жасалды. Сонымен қатар достық туралы өлеңдер оқылып, оқушылар достарына «Мейірімді жүрекпен» ізгі лебіздерін білдірді.
Мақсаты: мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.






