15
март
2024
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда “Қазақ тілі мен әдебиеті” бірлестігінің пәндік айлығы барысында Қалдарбекова Г., Омарова А. ұйымдастыруымен 9-сыныптар арасында “Біртуар Бейімбет” тақырыбында танымдық сағат өтті. Танымдық сағат барысында Бейімбет Майлиннің “Түйебай” әңгімесіне жан-жақты талдау жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар топтық жұмыстарды орындап, әңгіме желісі бойынша сайысқа түсіп, қазылар алқасы шешімімен I, II, III орындарға ие болды.
Іс-шараның мақсаты: Өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу; шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным–түсініктерін дамыту, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу; өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.
Жазушы көтерген проблемалар тағылымынан өнеге алып, оқушылардың азаматтық бейнесін қалыптастыру; кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.





