ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

09
февраль
2024

ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ!

Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясы әлеміне шетсіз, шексіз кеңістік пен биіктік әкелген ақын. Ол шынында да алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Оның арманы поэзияны сақтап қалу болатын. Бүгінде сол арманы орындалып, ақын поэзиясы тіршілікпен бірге жалғасын тауып келеді.
9 ақпан - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осы орайда Байзақ аудандық “Кітап-Аманат” орталығында мектеп кітапханашылары Диханбаева Д., Майкенова Д. ұйымдастыруымен «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби кеш өтті.
Кештің мақсаты: 
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын өлендері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.