27
октябрь
2023
”АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ” ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ!
Мектеп-гимназияда 27 қазан күні 1-11 – сынып оқушыларының арасында «Ата-ана – баланың бас ұстазы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ДТІЖО Гүлнұр Өмірзаққызы «Жан-Нұры» ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының мақсат, міндеттерімен таныстырды. Орталықтың жұмыс барысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер тыңдалып, кеңестер берілді.
Сонымен қатар мектеп инспекторы Р.Аймбеков ата-аналарға күзгі демалыс кезінде баланы басты назарда ұстауға шақырды.

