ПРОКУРОРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ! » Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3740193
Есепші бөлімі:
+7(726) 3740913
Нашар көрушілер
нұсқасы

23
октябрь
2023

ПРОКУРОРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!

Мектеп-гимназияда 23 қазан күні «Нашақорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында 10-11 - сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Бірлескен профилактикалық іс-шараға Байзақ аудандық прокуратурасының прокуроры С.Т.Телеуов, Байзақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты, мектеп инспекторы Р.Д.Аймбеков қатысты. Прокурор С.Т.Телеуов оқушылармен бірінші орында тәртіптің, білімнің орын алуы және нашақорлықтың алдын алу туралы әңгіме жүргізді. Кездесу барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар туралы айтып өтті.
Іс-шараның мақсаты: қоғамдық қасіреттің алдын алу, есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін, ұлттық сананы улайтындығын түсіндіру, сондай-ақ, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және игі қасиеттерді бойына жинажинауға баулу.