23
февраль
2023
ҚАНАТ ҚАҚСА ҚАТАЯР…
Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне басшы болып Гүлназ Сматілдаеваның тағайындалғанын естіп қуанып отырмын. Өйткені Гүлназ Есенғалиқызымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияда қатар білім алғанбыз. Оның алғырлығы мен ізденімпаздығы сол кезден бастау алған десем қателеспеймін. Мектеп мұғалімдері де өздерінің сондай шәкірт тәрбиелегендерін мақтанышпен үнемі айтып отырады.
Ішкі саясат - қарбаласқа толы, жауапкершілік жүгі ауыр сала. Оның үстіне, Тараз секілді ірі шаһардың ішкі саясатын үйлестіру сол жауапкершілікті еселей түседі. Алайда жастайынан осы саланың қазанында қайнап, ыстығына күйген, суығына тонған Гүлназ секілді білікті маман бұл жұмысты да ұршықша иіреріне сенімім мол.