07
сентябрь
2023
ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ!
Мектеп-гимназияда 7 қыркүйек – Денсаулық күніне орай 9-10 – сыныптардың арасында «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында волейболдан жарыс өтті.
Шараның мақсаты – оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау, аталған спорт түрімен жүйелі түрде айналысуларына жол ашу, ойыншылардың деңгейін анықтау, облыстық жарыстарға аудандық құраманы жасақтау және мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту.



